Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ – АҚШ ЕЛШІСІ

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ – АҚШ ЕЛШІСІ

   Ресейге қарсы санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының қорытындысына орай БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол айтты.
«Әрине, Ресейге қарсы санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Толықтай алғанда бұл саясат Қазақстанға қарсы бағытталмаған. Мен сіздерге бұл санкцияның Қазақстан экономикасына ықпалы бар екендігін айта аламын және Қазақстан тарабы бұған айрықша алаңдаулы екенін білемін. Біз бұл мәселеде қазақстандық серіктестермен кеңесуге уағдаластық. Мәселен, Конгресс қабылдаған заңнамалар бойынша және басқалары бар. Бұл заңнамалар қалай әрекет ететіндігіне қатысты қазақстандық серіктестермен кеңесулер бар және ол жалғаса да береді. АҚШ тарапы бұл санкциялардың Қазақстанға, осы жердегі қазақстандық бизнес пен америкалық бизнеске теріс әсер етпеуіне ниеттестік танытып отыр», - деді елші.
Сонымен қатар, Джордж Крол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Ресей көптеген халықаралық мәселелерді шешу үшін бірлесе жұмыс істеуі тиіс деген мәлімдемесін америкалық тарап қолдайтындығын баса айтты.
Айта кетейік, қаңтар айының 17-сінде Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен АҚШ көптеген халықаралық мәселені бірлесіп шеше алатындығын айтқан еді.
«Өзіңіз білетіндей, Қазақстан әлемде көлемі жөнінен 4-орын алатын ядролық арсеналдан бас тартып, Семейдегі сынақ алаңын жапты. Осы орайда, басқа да ядролық қаруы бар елдерге бізден үлгі алуға шақыруға моральдық құқығымыз бар. Мұндай әңгімені Иранмен жүргіздік, қазір Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізе аламыз. КХДР мәселесін Қытай, АҚШ, Ресей тарапы бірлесе шеше алады. Сондықтан, көрші ел ретінде Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың нашарлап кетуі бізді алаңдатады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
02 ақпан 2018 ж. 1 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам