ЖЫР КЕШІ ӨТТІ

Кешке қатысушы жыр сүйер қауым бейнепроектор арқылы Ә.Тәжібаев туралы деректі фильм тамашалады.
Кешке қатысушы қонақтар: «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері, ақын Толқын Қабылша, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының оқытушысы Серікхан Жүзеев Ә.Тәжібаев туралы естеліктер айтып, жырдан шашу шашты. «Жауқазын – ғұмыр» клубының мүшелері жас ақындар: М.Маратқызы, Г.Мұқашева, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Б.Назар ақынға арнау шығарып, өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар сахна төріне тау тұлғалы ақынға арналған, ерекше үлгідегі көрме - экспозиция жасалынды. Ақынның өзі пайдаланған, өзі тұтынған дүниелері, жазған хаттары, оқырмандар әлі де таныспаған фото-суреттері қойылды. Шараға «Өркениет», «Ұлағат» колледждерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.