Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАСБӨГЕТТЕН ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ 

ТАСБӨГЕТТЕН ТІГІН ЦЕХЫН АШТЫ 


Облыстық кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 3 млн. теңге несие алады. Осылайша тігін цехын ашып жұмысын бастайды.
«Өзімнің қолымнан келген тігінді тігіп, халыққа қызмет көрсетіп жатырмын. Оның көп пайдасы бар екен. Қарамағыма екі жұмысшы алдым. Біреуі тігін тігеді, екіншісі өтектеп, берілген тапсырысты реттеп отырады. Осылайша өз кәсібімізді жасап жатырмыз», - дейді Эльмира Мақтабаева.
Ісмер әйел әзірге тігін цехын өз ауласынан ашып, жұмыс жасауда. Алған несиеге 4 тігін машинасын, маталар, ине-жіп секілді қажетті құрал-жабдықтар алған. Тігін шеберханасында ісмерлер жастық, жастық қап, көрпе, көрпе қап сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды. Жаңадан ашылған тігін цехы үшін бұл үлкен жетістік.
Тасбөгет кентінде орналасқан шағын цех бүгінде өз тұтынушыларын тауып, ашылғанына аз уақыт болса да келушілер көбейген. Одан бөлек, балабақша, ауруханалардан тапсырыс алып, еңбегінің жемісін көруде. Кәсіпкердің алдағы жоспары орталықтан перде тігетін шеберхана ашу. Ең басты мақсат – үлкен тігін шеберханасына айналу.
Айта кету керек, 2017 жылы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері жалпы құны 2 млрд.427 млн.теңгені құрайтын 372 жобаны сүйемелдеген. 2017 жылы кәсіпкерлер Палатадан 2187 қызметті тегін алған болса, бір жылда 7327 азаматқа кәсіп ашу және өзге де кәсіпкерлік саласына қатысты 15143 кеңес берілген.
17 ақпан 2018 ж. 1 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам