Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

   Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің Алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында министр Нұрлан Ермекбаев жыл сайын «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын қазақстандықтарды қоғамдық ынталандыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар көтермеленуге лайықты. Сондықтан, Азаматтық қоғам істері комитетіне туған жерінің дамуына өз өмірін және табысының бір бөлігін арнаған азаматтарды мадақтау үшін «Жомарт Жүрек» салтанатын ұйымдастыруды тапсырамын», - деді министр Нұрлан Ермекбаев.
Министрлік қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша «Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыруда. Шағын бағдарлама жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардың, ҮЕҰ-дың, еріктілердің, меценаттар мен бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Шағын бағдарлама шеңберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары. 2017 жылы шағын бағдарлама аясында жалпы құны 43 млрд 530 млн теңгені құрайтын 1197 жоба аяқталды.
«Бұл жобалар аясында елімізге «халықтық» инвестициялар түрінде ауқымды көмектер жасалды. Азаматтар, негізінен кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салуға, оларды реконструкциялауға және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат сала бастады», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
Baq.kz
22 ақпан 2018 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам