Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТИТОВТАҒЫ ҚҰЛАҒАН ЖАТАҚХАНА ОРНЫНА БАРДЫ

  Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Титов тұрғын ауданындағы бір бөлігі құлаған жатақхана орнына барды. «Мұрагер» мектебіне уақытша орналастырылған тұрғындармен жүздесті.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 22.40-та Титов тұрғын ауданы 16А мекенжайы бойынша орналасқан жатақхананың тұрғындар қоныстанбаған бөлігі құлады. Ғимараттың төртінші подъездінің 1 және 5 қабаты аралығындағы бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Жатақхананың екінші бөлігінде тұратын 46 отбасы қауіпсіз жерге, «Мұрагер» мектебіндегі эвакуациялық бекетке көшірілді. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі.
Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.
Аталмыш мәселе облыс әкімдігінің бақылауында.
01 наурыз 2018 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам