Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ЖАСАДЫ

  Бүгін, қала әкімдігін мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қала әкімінің мерекелік қабылдауы өтті. Мерекелік шараға 100 – ге жуық нәзік жандылар қатыстырылды.
Олардың ішінде Еңбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласының үздіктері, ұлттық - мәдени орталықтардың мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жандылар бар.
Шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев: «Мен бүгін Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Жыл мезгілінің ең ғажайып кезеңі, көктемнің шұғылалы шуақты күнінде Сіздерді және Сіздер арқылы барша аналарымыз бен аруларды төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл еліміз үшін және біздің өңіріміз үшін де айтулы оқиғаларға толы, тарихи жыл.
Яғни, биылғы жылыЕлбасымыздың төл туындысы Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығы аталып өтеді.
Бұл, тарихи тағылымы мен мағынасы терең қос мерейтойды атап өтудің маңызы зор.
Осы игіліктердің қайнар бастауында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, берекелі тірлікке жолбасшы болған аналарымыз бен қыз-келіншектердің еңбегі орасан зор.
Бүгінде, сол жандардың ізін жалғап жүрген ақ жаулықты аналарымызда жетерлік.
Бүгінгі күні біздің қаламызда жасы 100-ден асқан 2 ғасыр аналарымыз және кешегі сұрапыл жылдары, ерлермен қатар ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагері «батыр анамыз» болса, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысушы өңіріміздегі жалғыз әйел Жанат Сәдіқұлқызы біздің ортамызда отыр.
Жалпы, бүгінгі еліміздің даму жолында, қай саланың болсын қыр-сырын жетік меңгерген нәзік жандылар жеткілікті.
Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларды әйелдер қауымынсыз елестету тіпті мүмкін емес.
Мысалы, қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты  құрылымдарда 209 мемлекеттік қызметкер болса, олардың 50 пайызға жуығы нәзік жандылар.
Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың хатшысы, әкімдікке қарасты 4 дербес бөлімді және қала әкімі аппаратында 2 бөлімді нәзік жандылар басқарып отыр.
Бұл дегеніміз әйел-қайраткерлердің өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі.
Сондай-ақ, бүгінде қаламызда 3 мың 500 батыр аналарымыз болса, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған жас аналар саны 6 мың 500-ге жетті.
Біздің Сіздерге құрметіміз шексіз. Бұл біз үшін аналарымыздың алдындағы перзенттік парызымыз, жалпы нәзік жандылардың алдында ер азамат ретінде міндетіміз деп білемін.
Бүгінгі салтанатты шарамызға қатысып, көңілге көктем, баршамызға мерейлі мереке лебін сездіргендеріңізге үлкен алғыс білдіремін!» - деген шаһар басшысы, мерекелік қабылдауға қатысушы барша аруларға жүрекжарды тілегін жеткізіп мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.
Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер Сыр өңірінің бас шаһары – Қызылорда қаласында соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында, өңірімізде орын алған оң өзресітерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты.
                                                                             Қала әкімінің баспасөз қызметі.
06 наурыз 2018 ж. 2 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам