БАЙҚОҢЫРДА «СОЮЗ MС-08» ЗЫМЫРАНЫ ҰШУ АЛАҢЫНА ОРНАТЫЛДЫ
«Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз-МС-08» ғарыш кемесімен «Байқоңыр» ғарыш айлағының ұшу алаңына орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тass.ru сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, «Союз МС-08» көлігі арқылы басқарылатын ғарыш кемесімен монтаждау және сынау корпусынан ұшу жағдайына дейін жеткізілді», - деді мемлекеттік корпорация өкілі.
Кемені халықаралық ғарыш станциясына 21 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 20:44-те (Астана уақытымен сағат 17:44-те) №1 алаңнан («Гагарин старт») ұшыру жоспарланған. Ал екі күннен кейін 23 наурыз күні Мәскеу уақытымен 22:41-де «Союз» орбиталық станциясымен түйісу болады.
Бұл кемемен Роскосмос ғарышкері Олег Артемьев, НАСА астронавттары Эндрю Фойстел мен Ричард Арнольд ұшады.