ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АРНАСЫНАН АСТЫ

Судың тасуынан шығынкелмеді, яғни жолдың немесе көпірдің бұзылуы орын алған жоқ.
Облыстық жұмылдырудайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов су деңгейінің төментүскенін, өзен арнасында мұз жүріп жатқанын хабарлады.
«Облыс аумағынан мұзжүру процесі өткен айдың 26-да басталған болатын. Бүгінгі таңға дейін 780шақырым жүріп, ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Бүгінгі жағдайға байланыстыДалдабай елді мекенінің тұсында, 780 шақырымында мұз кептелісінің салдарынанөзен арнасынан шығып, Жалағаш- Қармақшы тас жолының үстіне шықты. Қазіргі таңдаол жер уақытша жабылып тұр. Су 30 см төмен түсті. Мұз жүру процесі жалғасуда.Қазір Қармақшы ауданының Дүр Оңғар елді мекенінің тұсынан өтіп кетті. Ертеңгедейін жол ашылады»,-деді Серік Сермағамбетов.
21 наурыздағы жағдайбойынша облыс аумағына секундына 160 текше метр су келуде. Қызылорда суторабынан секундына 170 текше метр су өтуде.
Қазіргі кездеЖаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағыөзен арнасы мұздан толық тазарды.