Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ АҚШ-ТА ЕРЛІГІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛ АҚШ-ТА ЕРЛІГІ ҮШІН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

    АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті International Women of Courage Award-2018 сыйлығының иелерінің тізімін жариялады. Аталған сыйлық әр елдегі ерлік көрсеткен әйелдерге беріледі. Биыл жеңімпаздар арасында қазақстандық қорғаушы Айман Омарова бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

23 наурызда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы 10 әйелге берілетін болады. Сыйлықты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Салливан табыстайды. Марапаттау рәсімінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп сөз сөйлейді. «International Women of Courage Award сыйлығы 2007 жылдан бері ерлік танытқан әйелдерге беріліп келе жатыр. Сол уақыттан бері АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сыйлықты 65-тен аса елдегі 120 әйелге табыстады», – делінеді Мемлекеттік департамент хабарламасында. Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің әйелдері лайық деп танылды.
22 наурыз 2018 ж. 1 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам