Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

   Қазіргі кезде дарынды балалар үшін физика-математикалық бағыттағы мектеп құрылысының жобасы әзірленуде. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.
 «Физика-математикалық бағыттағы мектеп-интернаты пен 300 орындық жатақхана құрылысының жобасын әзірлеуге қаржы қаралды. Бұл дарынды балаларға, оның ішінде ауылдан шыққан жеткіншектерге арналған мектеп болады», - деп хабарлады облыс әкімі.
Үкімет басшысы бұл жобаның тек аймақ үшін ғана емес, тұтас мемлекет үшін маңызды екенін айтып, қолдау танытты.
 «Физика-математика мектебін ашу – дұрыс шешім. Бүгінгі таңда біз  цифрландыру, индустриаландыру туралы айтамыз, ал, колледжер мен университеттерде негізінен гуманитарлық сала мамандарын дайындайды. Сондықтан мұндай мектеп керек», - деді ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация Қызылорда облысына жұмыс сапарымен  келді. Делегация құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,  Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникациялар министрлері, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және даму институттарының басшылары бар.
29 наурыз 2018 ж. 2 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам