ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАР МЕН ЖАУЫН ЖАУАДЫ

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел 18-23, екпіні 30 м/с және одан аса күшейуі күтіледі. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Алматы облысының кей жерлерінде жел 118-23 м/с күшейеді, күндіз найзағай болады. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдық жел соғады.