ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН 20 ЖОБА ЕНГІЗІЛЕДІ
EXPO-2017 көрмесінен кейін өңірде түрлі салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды.
Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Оның ішінде 11 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты.
– 2 жоба, атап айтқанда, Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 мВт болатын күн электр станциясы мен қуаттылығы 24 940 кВт болатын «Бәйтерек-25» жел электр станциясын салуды көздейді, – деді облыс әкімі.