Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИТАЛИЯДА НӘСІЛШІЛДІККЕ ҚАРСЫ ШЕРУ ӨТТІ

ИТАЛИЯДА НӘСІЛШІЛДІККЕ ҚАРСЫ ШЕРУ ӨТТІ

   Италиядағы Флоренция қаласында нәсілшілдікке қарсы бейбіт шеру өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iz.ru сайтына сілтеме жасап.
   Наразылық акциясына 10 мыңға жуық адам қатысқан. Олар «Италияда нәсілшілдік тоқтасын», «Бір-бірімізді құрметтейік» деп ұрандатты. Айта кетейік, көпшіліктің шеруге шығуына бесінші наурызда болған қайғылы оқиға себеп болған. Сол күні қолына тапанша ұстаған 64 жастағы итальян азаматы Сенегалдан келген саудагерге 6 рет оқ атып, мерт қылды. Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиғаның нәсілшілдікке қатысы жоқ, өйткені оқ атқан Роберто Пирроне қарызға белшесінен батып, күйзеліске ұшыраған. Ақыры өз-өзіне қол жұмсамақ болып, батылы жетпеген соң көзіне көрінген кездейсоқ адамға оқ жаудырған.
   «Нәсілшілдікке қарсы екенімді көрсету үшін шеруге арнайы келдім. Менің ойымша, осы нәсілшілдік көзқарастар билік басындағы саясаткерлерден басталды. Енді, міне, ақыры адам өліміне әкелді. Таңертең жұмысқа барарда кешке үйге аман келемін бе, келмеймін бе деген үреймен шығамын», - дейді шеруге қатысушы Альфред Меца.

11 наурыз 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам