ЕЛЕУСІНОВТІ ЕЗІП ТАСТАЙМЫН – ТЕРРЕНС КРОУФОРД
Жартылай орта салмақ өкілі, ешқашан жеңіліп көрмеген Теренс Кроуфорд қазақстандық олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновты «езіп тастауға» уәде берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менің төрт-ақ ауыз сөзім бар: Джош Келли мен Данияр Елеусінов», - деді Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн сөзін Клоуфордқа бағыттап.
P4P тізімі бойынша үшінші орында тұрған 30 жасар боксшы да қарап қалған жоқ.
«Мен оларды езіп тастаймын», - деп жауап берді ол.
Данияр Елеусінов – олимпиада чемпионы және бокс бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы. Жақында ол кәсіпқой боксқа ауысты. Оның промоутері британиялық Эдди Хирн. Келісім-шарт бойынша қазақстандық боксшы алғашқы бір жыл ішінде 7 рет жекпе-жекке шығады. Оның алғашқы жекпе-жегі 28 сәуір күні Нью-Йоркте, ал екінші жекпе-жегі 2 маусымда Лондонда өтеді.