КЕМЕРОВА ЖАЛЫНЫ ҚОСТАНАЙҒА ЖЕТТІ
Қостанайдағы «MART» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
"Төтенше жағдай бүгін сағат 06.00 шамасында болды. Ғимараттың жертөле қабатындағы дәріханадағы компьютердің жүйелік блогынан өрт шықты. Өрт аумағы 3 шаршы метрді құрады", - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғина. Ойын-сауық орталығының күзетшісін күйік шалғаны белгілі болды. Қазір ол қалалық ауруханада амбулаториялық ем алып жатыр.