ҚАЗАҚСТАННЫҢ 10 ОБЛЫСЫНДА ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ – ҚАЗГИДРОМЕТ
ҚазАқпарат - Алматы қаласында және Қазақстанның 10 облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
9-13 сәуірде Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарындағы өзендерде ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашын түседі деген болжамға байланысты қардың қарқынды еру, жергілікті ағынның қалыптасу, су деңгейінің көтерілу қаупі бар және өзен суы жағадан асып жайылуы мүмкін. 9-13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашын түседі деген болжамға байланысты жергілікті, беткейлік ағын қалыптасуы мүмкін, мұз кептелістері болып, су деңгейінің көтерілу, су жайылуы және су басу қаупі бар. 9-11 сәуірде Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады деген болжамға байланысты жергілікті және беткейлік ағынның қалыптасуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, жайылымдарды су басу қаупі бар.