БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУыП, ҮСІК ЖҮРЕДІ

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады. Қызылорда, түнде Алматы облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей бөліктерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, таң ата және күндіз күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамықпен ұйтқиды. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде 1 радус үсік жүреді.