Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «АЙТБАЙ» МЕШІТІНІҢ АҚИҚАТЫ

«АЙТБАЙ» МЕШІТІНІҢ АҚИҚАТЫ

    Қызылорданың 200 жылдық тарихын әйгілейтін ерекшелікке толы, өзіндік сыр шертер ескі ғимараттарды кездестіруге болады. Осындай қастерлі орталықтың бірі – «Айтбай» мешіті. Себебі, бұл орын – тек бұрыннан келе жатқан көне нысанның бірі ғана емес. Мешіттің іргетасының қаланғанына биыл тұп-тура 140 жыл толады екен.
Тарихшылардың айтуынша, мешітті сонау 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері – Ысқақ пен Камал салған. Сол кезде имандылық ордасын ел игілігіне айналдыру мақсатында 40 мың рубль жиналған көрінеді. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді. Күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. Ал, 1980 жылы «Қазақ жобалау қалпына келтіру» институты мешіттің толық жаңғырту жобасын жасады.
Бір кездері осы мешіттің ішінде құдық барын естіген едік. Көнекөздердің айтқаны рас болып шықты. Құдық аталмыш нысанның төргі жағында орналасқан. Оны салудағы құпия не? Өлкетанушылардың болжауынша, құдықтың артында жерасты жолы бар екен. Ол жол шіркеу мен казармаға апаратын көрінеді. Шіркеуде көне нысанның бірі саналса, казарма – дарияның бойында орналасқан бұрыннан келе жатқан әскери ғимарат. Жерасты жолына кез келген адам түсе алмаған көрінеді. Сол кездегі бай-көпестерге, шенді әскерлерге ғана рұқсат етілген. Олардан өзге ешкім түспеген деседі.
Қасиетті мекеннің ішіндегі құдықтың ерекшелігі жайлы «Айтбай» мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев:
– Басқа қалалармен салыстырғанда Қызылорданың ауа-райы жазда өте ыстық екені белгілі. Ширек ғасырдан бері келе жатқан мешітте салқындатқыш құрал болмаған. Ал, сондай тұста мұндағы құдықтың өз ерекшелігі бар. Ол – қанша ыстық болса да, имандылық үйінің ішкі ауасын бірқалыпты ұстап тұрады. Оған қоса ауаны тазартады, – деді.
Бүгінде құдық беті арнайы қақпақпен жабылып, бетіне кілем төселген.
         Тағы бір деректерде мешіт Кеңес үкіметінің бергі кезінде жабылып қалады. Ол тұста бос ғимараттың сыртқы кірпіштері ұстап тұрады. Өйткені, биік нысанның іргесі берік, қабырғалары қалың болды. Бүгінде 500 адамға арналған тарихи мешіт республикалық маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіш қатарынан саналады.
                                                                Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
10 сәуір 2018 ж. 2 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам