Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БҮГІНГІ КҮНГЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

БҮГІНГІ КҮНГЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ


Тауешкі

Бүгінгі күн сізге сақ болуды ескертеді , сіздің бақытыңызға бақкүндестердің мазасын кетіріп, олар зұлым тілдер мен айлакер сөздері арқылы кері әсер тигізуге тырысады. Сондықтан, бәрі сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз.  Өзіңізге сеніңіз.

Балықтар

Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Сіздің есебіңізден тамақтануды жөн көретін достарыңыздың арқасында қаржылай қиындыққа тап боласыз. Сүйіктіңізбен көптен бері сөзіңіз жараспай жүр. Сондықтан, кешке оны кездесуге шақырғаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.

Мерген

Сүйіктілеріне деген сезімдері күшейіп, ерекше ұстамдылықтарымен көзге түседі. Ата-анасымен, отбасы мүшелермен сөзі жараспайды. Олар өз кезегінде мергендердің қолдауынан бас тартады. Шығармашылықпен, спорт жаттығуларымен белсенді түрде айналысқандары жөн.

Сарышаян

Денсаулықтарының жақсарғанын байқайды. Егер денсаулықтарына қатысты қандай да бір қиындықтарды байқаса, уақытты созбай медициналық тексеруден өткендері дұрыс. Достарымен қарым-қатынасы жақсарып, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізуге құштарлық артады. Ал ғашық жандардың жағдайы қиын болмақ. Себебі, сүйіктісінің өзіне деген сезімі қандай екенін ажырата алмай дал болады.

Таразы

Дәл қазір – нағыз достар табуға таптырмас уақыт. Ал отбасылы жандар сүйіктісінің мінезі өзгергенін байқайды. Мұнымен қатар, арадағы сезім оты қайта ұшқындағандай әсерге бөленеді. Сүйіктісінің бойынан бұрын-соңды байқамаған қасиеттерді көріп, қайта ғашық болады. Ал жұмыста/оқуда жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады.

Бикеш

Бикештердің қаржылай қиындықтары реттеледі. Өздеріне осыған дейін қолдау көрсетіп жүрген туысқандарына толықтай сенім артуларына болады. Жалғыз жүрген бикештер өмірлік жарын жолықтырады. Ал сүйіктісі бар бикештер оларға күмәнмен қарайды. Нәтижесінде сүйіктісін қызғанады.

Арыстан

Жұлдыздар арыстандарға сақ болуға кеңес береді. Себебі, қаржылай қиындыққа тап болып, дене жарақатын алулары мүмкін. Мұнымен қатар, білімдерін толықтыру мүмкіндігіне ие болады. Таңғажайып романтикалық оқиғаны бастарынан өткереді. Осыған орай арыстандар өзіне барынша сенімді болуы керек.

Шаян

Қоғамдағы беделі артады. Көпшіліктің көзайымына айналатындай оқиғаға тап болады. Бұл оқиға жетістіктерімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Аталған оқиғаның арқасында қоғамдағы дәрежесі көтеріліп, беделді тұлғалармен танысады. Ата-аналарының қолдауына ие болып, қаржылай қиындықтардан құтылады.

Егіздер

Өздерін маман ретінде таныту мәселесінде қиындықтар туындайды. Кей достарымен сөзі жараспай біраз қиналады. Мұнымен қатар, оларды жағымсыз әрекеттер жасады деп айыптаулары мүмкін. Жаман атты қылу үшін сырттарынан өсек сөз айтылады. Бүгін өте жақсы адамдармен танысады. Ал адал достарымен қарым-қатынасы нығая түседі. Мақсаттастарын кездестіріп, жақсы адамдармен жолығады. Бұдан өзге шығармашылықпен бірге айналысатын адамдардың жанында жүру арқылы көп мүмкіндіктің есігін ашады.

Торпақ

Аз уақыт жақындарынан алыстай тұрғандары жөн. Той-томалаққа барған кезде жайсыз оқиғаларға тап болып, ұятқа қалады. Өзімен бірге барған достарына белгілі бір себептерге байланысты күдікпен қарайды. Ал сабырлы торпақтардың жолы болады.

Тоқты

Бүгінгі күн ішінде барлық мәселені ақылға салып шешеді. Дәл қазір – кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Болашағына қажет ақпаратты игеріп, ақыл–парасат деңгейін көтеруге тырысады. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Физикалық жаттығулармен белсенді түрде айналысады. Өзгелерге шын мәнінде ұнағысы келсе, сұлулық салонына барып, фитнеске жазылғандары жөн.
Дереккөзі: «ЖЖ» топтамасынан
11 сәуір 2018 ж. 1 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам