Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СІЗ ҚАЙ АЙДА ТУДЫҢЫЗ? БҰЛ АЙ СІЗ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ СЫР АЙТАДЫ?

СІЗ ҚАЙ АЙДА ТУДЫҢЫЗ? БҰЛ АЙ СІЗ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ СЫР АЙТАДЫ?


















Қаңтар айында туған адамдар шыдамды әрі жігерлі келеді.Тағдырдың қандай тәлкегі болса да, жақындарына салмақ түсірмей бәрін өз мойнымен көтереді.Бұл айда туылған әйелдер ұяң, бірақ «ер» мінезді болып келеді. Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын, биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, күйеулерін өлердей сүйеді және әрқашан, қандай жағдай болса да, көмектесуге дайын. Тәтті тағамдар жасауға әуес. Ал қаңтарда туған ерлер әділ, әрі жігерлі болғандықтан, оларға қиын сәттерде иек артуға болады. Олар тіпті тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды. Өзінен әлсіздерге мейірімділікпен қарайды. Әйелдерге құрмет пен инабаттылық танытады. Өте тәкаппар және ерік-жігері мықты, отбасына жайлы.

Ақпанда туғандар тік мінезді, бірақ ұстамсыз келеді. Мінезі көңіл-күйіне байланысты құбылмалы. Бұл айда туған адамдар ер адамдар қиындықтан қорқуды білмейді және тез шешім қабылдайды. Олар кекшіл болғандықтан, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді. Әлсіздерді менсінбейді, ақкөңілділік пен мейірімділік таныта алмайды. Ал әйелдер мейірімді, сабырлы. Балажан. Отбасына жайлы. Бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Алдағанды кешірмейді….

Наурызда дүние есігін ашқандар өте сезімтал және әсершіл жандар. Сәтсіздіктерге тез берілетін болғандықтан, қызметтегі өсуі баяу. Егер ол табандылық пен бірбеткейлік танытса, көп нәрсеге қол жеткізер еді. Наурызда дүние есігін ашқан ерлердің жандары жараланғыш, әрі ақкөңіл, бірақ тәуекелге жоқ. Тағдыр тәлкегінің кедергісіне қарамай, үнемі алға ұмтылумен жүреді. Ал атақ пен даңқа ие болғанда өз дәрежесін көп сақтай алмайды, мастанып, беделін әп-сәтте жоғалтуы мүмкін. Біреудің жоғарылауын өзінің жеңілісі ретінде сезінетін іштарлығы да бар. Бұл айда дүние есігін ашқан әйелдер болашаққа бал ашу мен көріпкелдерге көп сенеді және жиі барады.Олар өздерінің сыртқы сұлулығына көп көңіл бөледі де, үй тірлігін екінші орынға қояды.

Сәуір айында туған адамдарға тән мінез — қаталдық. Олар алға қойған мақсаттарына жету жолында батылдық пен табандылық таныта күреседі. Шешімді тез қабылдайды және өзіне-өзі есеп беріп тұруды ұмытпайды. Бұларды толғантатын басты мәселе — өздерінің тұрмыс жағдайы. Ер адамдар некеге тұру мәселесінде сезімнен гөрі есепке көп көңіл бөледі. Бірқалыпты өмірді сүйеді. Әйелдер үшін тұрмыс жағдайы басты мәселе емес.Ол үшін ең бастысы адамгершілік пен сыйластық. Күйеуі мен отбасы мүшелеріне құрметпен қарайды. Ақылы мен ашық-жарқын мінезінің арқасында көпшілікке ұйытқы бола алады.

Мамыр айында туған адамдар принципшіл, билікқұмар және бірбеткей болады. Бұл айда туған әйелдер кекшіл, жәбірлегендерді кешіруі қиын. Ажырасуы оңай болғанымен, артынан көп өкініп қалады. Бұл әйелдерді жұбайы емес, тұрмыс жағдайы қатты қызықтыратындықтан, шаңырақтарының мықты болуы сирек кездеседі. Ал мамырда туған ер адамдар отбасыларына жайлы, және отбасын толық қамтамасыз ете алады. Олар қатал мінезді болғанымен, әйелдерінің шағымы мен көз жасын жүрегіне жақын қабылдайды. Әлсіздерге көмектесуге қашан да болсын, әзір тұрады.

Маусымда өмірге келгендер уайымшыл, әрі жаны тез жараланғыш. Істеген істеріне сергектікпен, байыппен қарайды. Табиғи дарынды, алғыр және мейірімді. Өзінің жақындарына тұйық көрінгенімен, сырт адамдармен ашық-жарқын шешіліп сөйлеседі. Дау-дамайдан алыс жүргенді ұнатады. Бұл айда туған ер адамдардың қызмет пен махаббата жолы болғыш. Көрсеқұмар, әр нәрсеге қызыққыш, бірақ одан тез жалығады. Тазалық сүйгіш. Ал әйелдер үй тазалығына ерекше көңіл бөледі. Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарға қызығады. Мереке сайын болмашы сыйлық ұсынған адамды өмір бойы мақтап жүруге дайын.

Шілдеде туған адамдарға өзімшілдік, ұстамсыздық және шыдамсыздық мінездер тән. Өздерін кісі баласына тәуелді етпейді әрі өте тәкаппар. Дос-жарандарының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. Әйелдер күйеулеріне би болуға құмар. Әрқашан бірнәрсеге көңілі толмай, соған жоқ жерден ұрыс шығарып жүреді. Ал ерлер сенгіш келеді, сондықтан жиі қателеседі. Алғашқы махабатында жолы болмаса, сүрбойдақ болып ұзақ жүреді. Барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алады және өз тағдырына өкінбейді. Олар отбасында анасына жақын келеді…

Тамыз айында туған адамдар әсершіл, бірбеткей, қуатты болады. Еңбегі жемісті, бірақ кейде аңғалдығы да бар. Әйелдер өзіне-өзі сенімді, қайратты, бірақ уайымшыл, кек сақтамайды. Үй шаруасына пысық. Бұл айда өмірге келген еркектер өте сезімтал. Көбіне олардың алғашқы отауы ұзаққа бармайды. Айналасындағылардан мақтау күтетіндіктен, өзін сынағанды жек көреді. Өздері онша тұрақты болмаса да, әйелдерін қатты қызғанады.

Қыркүйекте дүниеге келген адамдар қызу қанды, жанжалға жақын, әсершіл, үнемі алдына мақсат қойып, соған жету жолын ойланумен жүреді, мақсат қойғыш. Сыйлық бергенді ұнатады. Бірақ, ақшаны үнемдеп жаратады. Өзін-өзі жақсы көреді. Есепке өте жүйрік. Әйелдер күйеуінен гөрі өзінің жайын көп ойлайды.Тәуелсіздікті жақсы көреді, шыдамсыз. Ұйқыны тәуір көргендіктен жұмысқа жиі кешігеді. Үй шаруашылығына пысық, тамақты дәмді әзірлейді, үйді айнадай таза ұстайды. Ал ерлер қызғаншақтарды жек көре тұра, өздері өте қызғаншақ келеді. Көрсеқұмар, бірақ жар таңдау жолында өте сақ. Өзінің рұқсатынсыз ақшаны жаратқан әйеліне ренжісе де, қомақты қаржыны өзі құмар ойындарға жұмсағанына өкінбейді. Қарызға ақша беруі қиын. Жақсы жағдайда өмір сүргенді ұнатады.

Қазан айында туған адамдар қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл айда туған ер адамдар өтірікке бір табан жақын, оның өтірігі қайсы, шыны қайсы екенін сезбей де қаласыз. Сөйте тұра өздері өте ақылды. Достықты жоғары бағалайды. Қаржы мәселесінде байыппен жұмыс істейді. Шешім қабылдауда көп ойланады және сенімді адамдармен ақылдасады. Бірақ көбіне өз көзқарасын дұрыс санайды. Әйелдер — принципшіл. Есте сақтау қабілеті мықты. Сатқындар мен екіжүзділерді кешірмейді. Өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күреседі. Үй шаруасының шебері. Өзіне сын айтқандарды жақтырмайды.

Қараша айында өмірге келген жандар есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де барады. Маңындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға қыдыруға дайын. Сол үшін қаржы тапшылығына жиі ұрынады, бірақ онысы өзіне сабақ болмайды. Әйелдер өзін-өзі жақсы көреді, тәкаппар. Отбасында өздерін жетекші санайды, күйеулерімен көбінесе санаса бермейді. Жар таңдау жолында ынжық, момын еркектерді қалайды. Көпшілік ортада көзге түскенді ұнатады. Бала тәрбиесінде тым қатал. Ал ерлердің жүйкелері жұқа болып келеді. Тез ашуланады, қит еткенге тыз ете қалатын шамшыл. Бірақ аңқау, алдғанға тез көнеді, соңғы тиынын сұраусыз бере салатын жомарт. Достыққа адал, алайда тез достасып, тез ұрсысады.

Желтоқсан айында туылған адамдар өте сезімтал және көңілшек болады. Бұл айда туылған ер адамдар ашуланғанда өзін-өзі ұстау қабілеті әлсірейді. Сондықтан болмашы нәрсеге қабақ шытып, айқай шығаратын әдеті бар. Олар ұрыншақ келеді. Жағымсыз жайлардың себепкері ретінде жиі көзге түседі. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, дос-жаранының көп болғанын қалайды. Қызуқанды және өте нәпсіқұмар. Әйелдер ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасына бейім. Көпшіл, бауырмал. Бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Сезімтал, қызуқандылығы да бар. Өкпені кешіре алмайды.
http://reactor.inform.kz
17 сәуір 2018 ж. 2 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам