АМЕРИКАЛЫҚ БОКСШЫ 5 МАМЫРДА ГОЛОВКИНМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕТІНІН ҚҰЛАҚТАНДЫРДЫ
Геннадий Головкиннің 5 мамырдағы қарсыласы америкалық боксшы Ванес Мартиросян болуы мүмкін. Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян Sports.kz порталына берген сұхбатында "Қазақстандық чемпион Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу мүмкіндігі бойынша қандай да бір жаңалық бар ма?" деген сұраққа жауап берді.
"Иә, менің GGG-мен жекпе-жек өткізуім жайлы жаңалық бар. Ертең барлығы жария етіледі", — деп мәлімдеді ол.
34 жастағы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) 2016 жылдың мамырында Эрисланди Ларадан ұпай санымен жеңілгеннен кейін кәсіпқой бокста екі жылға жуық жекпе-жек өткізбеген. Ол Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін бірінші орта салмақтан орта салмақ дәрежесіне көтерілуі тиіс.