ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚАРТ АДАМ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

Жапондық кейуананың аруханада көз жұмғаны айтылып отыр. Хабарламаға қарағанда, 1900 жылы 4 тамызда дүние есігін ашқан Наби Тадзима өмірінің соңғы айларында төсек тартып жатқан. Енді ғаламшардағы ең қарт адам титулы оның отандасы, 1901 жылғы 2 мамырда туған Тиё Миякоға ауысты.