САҒЫНТАЕВ "7-20-25" АЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕР ШІЛДЕДЕН БАСТАП БЕРІЛЕТІНІН АЙТТЫ
Елбасының бастамасымен аталған бағдарламаға сәйкес, несие пайызының мөлшері 7%-дан, ал алғашқы жарна мөлшері 20%-дан аспайды, несие уақыты 25 жылға дейін созылады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастама жасаған "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық қарыздар Қазақстанда 2018 жылдың шілде айынан бастап беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында аймақ активімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Біз алғашқы ипотекалық несиелерді 1 шілдеден кейін береміз деп жобалап отырмыз", - деп атап өтті Премьер-министр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 наурызда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында ипотекалық несие алу шарттарын барынша қолжетімді етуді тапсырды.
"Көптеген отбасылардың өз баспанасы жоқ. Бұл әлеуметтік маңызды үлкен мәселе. Оны шешу үшін барлық жағдай жасалып, тұрғын үй ипотекасын қолжетімді етудің бүкіл жағдайын жасау керек. Арзан ресурстарды ұсынудың тетіктері қажет. Жұмысы бар әр адам несиеге үй алу мүмкіндігіне ие болып, оны отбасылық бюджетіне қарай төлей алуы тиіс. Сондықтан мен 7-20-25 бағдарламасын бастауды ұсынамын. Яғни, жұмыс істейтін әр қазақстандық келесі шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-16% емес, 7%-дан аспау керек. Егер бүгінде банктер алғашқы жарнаны 30%, кейін тіпті 50% көлемінде талап етсе, жаңа бағдарлама бойынша оның мөлшері 20%-дан аспауы тиіс. Несие уақыты 10 немесе 15 жыл емес, 25 жылға дейін созылады", - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда "7-20-25" бағдарламасы Мемлекет басшысы жария еткен талаптарды іске асыруға бағытталатынын айтты.
Қазақстан Президенті 19 сәуірде Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде өткізген кеңес барысында "7-20-25" аясында атқарылатын жұмысты биыл бастау керектігін тапсырды. Мемлекет басшысы қос палата депутаттарынан бұл мәселені осы сессиясының соңына дейін тездетіп қарастыруды сұрады.
"7-20-25" бағдарламасын қолдау мақсатында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетіні, алайда түбегейлі өзгерістер болмайтыны туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 24 сәуір күні Үкімет отырысынан кейін мәлімдеді.
"Қазақстан Президенті 2022 жылға дейін 75 мың орынға жатақханалар салуды тапсырды, алайда қазіргі кезде біз 66 орынға жатақхана салу үшін жер учаскелерін анықтадық. Яғни бұл процесс өте жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Біз тек осы 75 мың орынмен шектеліп қалмаймыз. Барлық жақтан қызығушылық бар және қажеттілік артып келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев.