ЖЕЛІДЕ ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ СУРЕТТЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ
Үйленгенін он жыл жасырған Қайрат Нұртастың үйлену тойының суреттері пайда болды. Суреттерді жары Жұлдыз Әбдікәрімова парақшасына жүктеп, тойдағы қызықтарымен бөліскен.
«Мен үшін үйлену тойымыз бір қойылым секілді өтті де кетті. Себебі, некемізді қиятын АХАЖ бөлімінің қызметкері тойымызға келмей қалды. Ол жағдайды естіген Ғ. Мүсірепов атындағы ТЮЗ- дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым. Айдос Бектеміров ағам мен Айгүл Иманбаева әпкеміз “Қыз Жібек” спектаклінен ария орындап естен кетпес қуаныш сыйлаған. Кәсібиліктің шыңы деген сол шығар.

Сонымен не керек би де, тілек те, ойын да, ән де, сыйлық та, тіпті “Ешкімге көрсетпеймін” әніне бейнебаянды да түсіріп тастадық. Ал, ол бейнебаянды, енді 10 жылдан кейін көрсетеміз. Айтпақшы, тағы бір қызық болған. Той біткен соң ары қарай достарымызбен қыдыратын болып шештік. Той қонақтарымен қоштасып, бәрін шығарып салып, ата-ана, бауырлар үйге қайтты, жиырмаға жуық достар 2 көлікке сыйысып олар кетті. Бір қарасақ Қайрат екеуміз ғана қалыппыз. Түнгі 2-3тер шамасы. Көлік жоқ. Содан жаңа үйленген жас жұбай қол ұстасып алып, әппақ фатаны желбіретіп жолдан өтіп, такси тоқтатып достарымызға қарай кеткенбіз» – дейді актриса.
Дереккөз: Reactor