ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДАСЫН ЕРЕКШЕЛЕНДІРЕТІН ОЮ-ӨРНЕККЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Қазақстанның Олимпиадалық командасының ою-өрнегін жасауға арналған байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, үздік ою-өрнек Олимпиада, Азиада және әлем біріншіліктерінде Қазақстан құрамаларының спорттық киімдеріне, сөмкелеріне, сондай-ақ арнайы спорттық кәдесыйларға таңбаланатын болады. Байқаудың тақырыбы - Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрінен сыр шертетін, Олимпизм идеологиясымен байланысы бар, Қазақстан командасын білдіретін өрнекті жасау. Байқауға техникалық талаптарға сай кез келген графикалық материалдар қабылданады. Сонымен қатар ою-өрнектің сипаттамасы, мәні мен мазмұны жазылуы тиіс. Тағы бір қойылатын талап - ұсынылған ою-өрнектер Мемлекеттік тудың оюларына ұқсас болмауы керек. Байқау 2018 жылдың 2 мамыры мен 15 шілдесі аралығында екі кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы кезең үстіміздегі жылдың 2 мамыры мен 28 маусымы аралығында өтеді. Осы аралықты жұмыстар қабылданады. Туындыларды ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің office@olympic.kz электронды поштасына жіберуге болады. Екінші кезеңде онлайн-дауыс беру өткізіледі. Сарапшылар комиссиясы іріктеп алған 5 жұмыс 2 шілде күні ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшасына жарияланады. Дауыс беру 13 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаз онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Байқау қорытындысы 16 шілдеде жарияланады. Байқаудың нәтижесінде жеңімпаз және екі жүлдегер анықталады. Бірінші орынға ие болған жұмыстың авторына ҚР ҰОК атынан Олимпиада чемпионы/жүлдегерінің қолтаңбасы бар естелік сыйлық және Олимпиадалық комитеттің серіктесі ұсынған сыйлық беріледі. Екінші және үшінші орын алған авторлар да естелік сыйлықтар алады.