Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛА ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ


Бүгін, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында майдангер және тыл ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады.
100-ден астам Жеңіс авторлары қатысқан салтанатты шара барысында ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылып, мерекелік дастархан жайылды
Жыл санап қатары сиреген батыр әкелеріміздің саны осыдан 3 жыл бұрын Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесінде 41 ардагер болса, бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 17 ардагері ғана ортамызда.
Мұнан бөлек, қаламызда 1 мың 800-ге жуық тыл ардагерлері бар.
Олардың ішінде 35-і тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар.
«Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен жеңiс сағатын жанқиярлық iстерiмен жақындата түскен тылдағы еңбектері ешқашан да ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір – қасиеті, бағасы артып, тағлым - тәрбиесі мен мән - мағынасы тереңдеп, даралана түседі.
Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Жеңімпаз жандарға әрдайым қамқорлық жасау біздің перзенттік парызымыз», - деді қала әкімі.
Мерекелік қабылдауға қатысқан барлық ардагерлерге, қала әкімі арнайы естелік сыйлықтар табыстады.
Жалпы, биылғы Жеңістің 73 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдауға жергілікті және облыстық бюджеттерден бір жолғы көмек ретінде барлығы 152 млн. 620 мың теңге бөлінген.
Оның ішінде, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 192 мың 400 теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға – 120 мың 250 теңгеден және Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен адамдарға 72 мың 150 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілуде.
Сонымен қатар, қала әкімдігі тарапынан ардагерлерге арналған түрлі қайырымдылық шаралар мен басқа да қажетті қолдаулар жасалуда.
08 мамыр 2018 ж. 1 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам