Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ТИІС

СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ТИІС

    Қаладағы «Сұлтан плаза» қонақүйінің мәжіліс залында мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының  73-ші отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов төрағалық етті.                                                 
Онда су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды. Екі күнге созылған ауқымды шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің салалық министрлік өкілдері қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Султон Рахимзода және Түрікменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Магтымгулы Байрамдурдыев бар.   Айта кетейік, аталмыш бағыттағы комиссия 1992 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ол Орталық Азия елдерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелері бойынша шешім қабылдау алаңы ретінде құрылған еді.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов биыл аяқ судың аз болу болжамы бар екенін алға тартты. Сондықтан су ресурстарын мемлекеттер арасында үйлестіру мәселесі өте маңызды екенін баса айтты. Бұл – Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысы үшін өзекті мәселе.
Комиссия отырысында қатысушылар ағымдағы жылы Сырдария мен Әмудария бассейндеріндегі вегетацияаралық кезең қорытындысын талқылап, су алу лимиттері мен су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Сонымен қатар «Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын кешенді басқару пайдалану және қорғауын ақпараттық-талдау бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөнінде» келісім жобасы қабылданды. Мұнан өзге мемлекетаралық комиссияның жұмысын одан әрі күшейту мәселелері талқыланып, комиссияның 74-ші отырысын өткізу бағдарламасы нақтыланды.
Сол күні түстен кейін отырыс қатысушылары облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болды. Кездесу барысында аймақ басшысы комиссия жұмысының рөлі айрықша екенін баяндап, көрші мемлекеттер арасында су шаруашылығы мәселелерін реттеудегі маңыздылығын атап өтті.      – Арал теңізі – бүкіләлемдік деңгейдегі мәселе. Жағдайды жақсарту үшін су ресурстарын тиімді пайдаланып, су алу лимиттерін сақтау бойынша жұмысты әрі қарай күшейту керек. Осы мәселелер 15 наурыз күні Астана қаласында Мемлекет басшылардың кездесуінде талқыланды, – деді облыс әкімі.                                                                                                    Жиын барысында Өзбекстан Республикасының Су ресурстары министрі Шавкат Хамраев су пайдалану мәселелері Орталық Азия елдері үшін аса маңызды екенін және өз тарапынан осы салада әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін жеткізді. Ал, бұл бағыттағы комиссияның кезекті 74-ші отырысы биылғы жылдың қыркүйек айында Ашхабад қаласында өтеді деп жоспарлануда.                                                             
Биыл халықаралық Арал теңізін құтқару қорының құрылғанына ширек ғасырға жуық уақыт толып отыр. 1993 жылдың 25 наурыз күні Қазақстан және Орталық Азия Мемлекет басшыларының Қызылорда қаласында өткен саммитінде қорды құру жөнінде шешім қабылданған еді.                                                        
                                                                 Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
10 мамыр 2018 ж. 1 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам