Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР: АДАМ ЖАС ДЕНЕДЕ 130 ЖАСҚА ДЕЙІН ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ

ҒАЛЫМДАР: АДАМ ЖАС ДЕНЕДЕ 130 ЖАСҚА ДЕЙІН ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ

   Ғалымдар генетикалық өңдеу технологияларының көмегімен қартаю процесін мүмкіндігінше баяулатуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Гарвард университетінің Rejuvenate Bio биоинженерлері тірі организмдердің генетикалық материалдарын өңдеу бойынша алғашқы тәжірибелік эксперименттерін бастады.
Алғашқы тірі ағзаларға ензілетін мұндай тәжірибе иттерге жасалды. ДНҚ-дағы ең жоғары өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін иттердің құрылымына ең қарапайым ағзалардың ДНҚ фрагменттері қосылды. Олардың басты ерекшелігі – тіпті ең қиын ортада өмір сүру ұзақтығын арттыру мүмкіндігі болмақ.
«Кері» ген терапиясы өз нәтижесін берген жағдайда, CRISPR-Cas9 технологиясы клиникалық жағдайда адамдарға тексеріліп, тәжірибе жүргізілетін болады. Зерттеушілер, бұл тәжірибеге әскерилердің де қызығушылық танытып отырған айтуда. АҚШ Қорғаныс министрлігі мен басқа да құқық қорғау органдары үшін жақын арада генетикалық редакциялау арқылы қарапайым жануарларға қарағанда екі-үш есе көп өмір сүре алатын, аурулардан арылған «мықты иттер» құрылуы мүмкін.
Бағдарламаны әзірлеушілер эксперименттің ең басты мақсаты – адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыру деп нандыруда. Бұл зерттеумен айналысып жүрген биоинженерлер жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп, ниеттетіп отыр. Олардың болжамдары бойынша, егер бәрі жоспарға сәйкес жүрсе, адамдар 21-22 жастағы адамның ағзасымен 130 жылға дейін өмір сүре алады.
15 мамыр 2018 ж. 1 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам