Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АТАКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ ШАРА

АТАКӘСІПТІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ ШАРА

   Үстіміздегі жылдың 11-12 мамыр күндері Жаңақорған ауданында IV облыстық малшылар слеті өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшы қызметкерлері, еліміздің белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.
Слет аясында жергілікті тауар өндірушілер өнімдері, ветеринарлық техника мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша семинар өтті.
Слетке қатысушылар ауданда орналасқан «Орда Агротехнология» және «Бекарыс Агрофуд» репродукциялық шаруашылықтардың жұмысымен танысты. Шаруашылықтар «Байқоңыр» ӘКК бірлесіп, ет бағытындағы 150 бас «Санта Гертруда» тұқымды және 300 бас қалмақ тұқымды ірі қара мал сатып алып, селекциялық жұмыс жүргізіп жатыр.
Іс-шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мал шаруашылығы қазақ халқының ата кәсібі болып табылатынын және осы күнге дейін республикамызда жетекші сала екендігін атап өтті.
Айта кету қажет, облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізіп, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі «Агрокартасын» қабылданды. Жоспарға сай 2022 жылға дейін облыста ет өндірісін 13 мың тоннаға, сүт өндірісін 68 мың тоннаға ұлғайту және 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 есеге дейін арттыру тиіс.
– Облыстың географиялық жағынан тиімді орналасуы Қытай, Орталық Азия, Ресей, Еуропа мемлекеттеріне өнімдерімізді экспорттауға өте қолайлы. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы Иран және Парсы шығанағындағы елдермен сауда-саттық жасаудың жолын ашып отыр. Ал, буферлік аймақтан шығуымыз, өткен жылдың өзінде Иран, Монғолия, Біріккен Араб Әмірлігіне 2,3 мың бас тірілей қозы етке өткізу мақсатында экспорттауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті өңір басшысы.
Қазір Иран, Қытай, Монғолия, Еуропа, Ресей елдері Қазақстанда өндірілетін табиғи өнімдерге үлкен қызығушылық танытып, агросекторға инвестиция салуға, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерді сатып алуға дайын екендігін білдіруде.
Айта кету қажет, соңғы 5 жылдың өзінде салаға тартылған инвестиция 23 есеге ұлғайды. Өткен жылы «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы облыстық бюджеттен мал шаруашылығын дамытуға 1 млрд. теңге қаржы бөлінсе, биыл 1,3 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Облыста мал басы, өткен ғасырдағы ең көп болған уақыты - 1993 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 29,6, жылқы – 50,4, түйе саны – 52,5 пайызға көбейіп отыр. Оның ішінде, соңғы 5 жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда ет өңдіру 2,7 есеге көбейсе, сүт өндірудің көлемі 1,6 есеге артып отыр.
Облыста «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының аясында мал басы көбейіп, тұқым түрлендіру жұмыстары атқарылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын репродукторлық шаруашылықтар құрылды. Тек соңғы 5 жылда 4,5 мың бас асыл тұқымды ірі қара, 36 мың бас қой сатып алынды, жылына 23 мың бас мүйізді ірі қара малын бордақылайтын алаң құрылыстары салынды.
Аймақ басшысының айтуынша, ол бір жағынан, ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, екінші жағынан, ауылдық жерлерде жұмыссыз жүрген халықты тұрақты жұмыспен қамтуға тиімді мүмкіндік береді.
Жыл сайын облыстық малшылар слетіне басқа өңірлерден қатысушылардың саны артып келе жатқанын ескере отырып, аймақ басшысы келесі жылы малшылар слетін республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.
Дәстүр бойынша аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері ҚР АШМ медальдары мен құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімі Қ.Көшербаев пен республикалық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіп одағының төрағасы Әбубәкір Сүлейменов үздіктерді марапаттап, жеткен жетістіктерімен құттықтады. Одан бөлек, 30 озат малшыға бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында гала-концерт пен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
15 мамыр 2018 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам