ІЗГІЛІККЕ ТОЛЫ ҚАСИЕТТІ АЙ

– Биыл айдың кеш тууына байланысты ораза тұту 16-мамырдан 17-не өзгертілді. Яғни, Шағбан айы 30 күнге созылып, Рамазан айы 29 күнге қысқарды. Қасиетті шара барысында барлық күнінде Орталық мешітте 150 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылады. Мешіттерде уағыздар үздіксіз жүргізіледі. Республикалық деңгейдегі ғалымдарды шақырып, жамағатпен кездестіру жоспарда бар. Жанашыр азаматтарды материалдық көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөліп, қайырымдылық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуға шақырамын, – деді облыстың бас имамы.
Қасиетті айда республикалық деңгейдегі ғалым ұстаздарды шақыртып құран жаттау орталығын ашу, жамағатпен кездесу ұйымдастырылады. Ал тарауих намазын өткізуге Түркия мемлекетінен 2 қари шақыртылған.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.