Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШІЛДЕ АЙЫНАН БАСТАП ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ЖҮЙЕСІ ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕКШІ

ШІЛДЕ АЙЫНАН БАСТАП ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ ЖҮЙЕСІ ЖЕҢІЛДЕТІЛМЕКШІ

     Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерін алу процесі жеңілдетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде зейнеткерлік жасқа жеткен әр азамат төлемдердің төрт түрін – мемлекеттік базалық зейнетақы, жасына қарай берілетін зейнетақы, жинақталған зейнетақы және мемлекеттік кепілдіктерді алуға құқылы екендігін айтты.
«Осыған орай, олар осы төлемдерді алу үшін бүгінгі күні бірнеше инстанцияға жүгінеді. Мысалы, мемлекеттік корпорацияға екі рет 2 өтінішпен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін, бір айдан соң тағы да өтінішпен мемлекеттік кепілдік мәселесі бойынша барады. БЖЗҚ-ға бір өтінішпен зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесі бойынша жүгінеді. Енді осы жылдың шілдесінен бастап бұл тәртіп әлдеқайда қарапайым болады», – деді ол.
Оның айтуынша, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін алуға тағайындалу үшін бір мекемеге, яғни мемлекеттік ұйымға ғана жүгінетін болады. Төлемдердің үш түрін тағайындау бойынша қызметтердің барлық спектрі бір ғана өтінім негізінде композиттік түрде көрсетілетін болады.
«Мемлекеттік органдардың ақпаратық жүйелеріндегі мәліметтер автоматты түрде қолданылады. Мемлекеттік кепілдік төлемі өтініш жазбай-ақ жүргізіледі. Яғни, төлем сомасы автоматты түрде есептеліп, клиенттің шотына жіберілетін болады. Сонымен қатар, төлемдердің барлық түрлері бір мезгілде бір банк шоты арқылы жүргізіледі», – деді Әбілқасымова.
Министр осы жаңа бұйрық зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың шамамен 70% -ына қатысты екенін айта кетті.
22 мамыр 2018 ж. 1 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам