ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
Бүгінгі күн сізге оңай болмайды. Ойыңызды жүзеге асыру үшін сабырлық сақтаңыз. Ал күннің екінші жартысында сізді тосын сый күтіп тұр. Ол сізге тек ұнап қана қоймай, бүкіл проблемаларыңыздың шешімі болмақ.
Суқұйғыш
Бүгін денсаулығыңызға жете мән бергеніңіз жөн. Сүйіктіңізге сыйлық сыйлап, жылы лебізіңізді білдіріп тұруды ұмытпаңыз. Кешкісін үйде отбасыңыздың жанында демалғаныңыз дұрыс.
Тауешкі
Қиялыңызға ерік беріп, бастамаңыздың жемісті боларына күмәнданбағаныңыз абзал. Іскерлік көңіл күйіңіз өте жоғары болмақ. Қолға алған жобаларыңыз сәтті өтуімен қарсыластарыңызды шаң қаптырып кетуіңіз ықтимал.
Мерген
Бүгін ерекше сабырлық танытыңыз. Өйткені үйдегі қарбаласпен түздегі тынымсыздық сіздің жүйкеңізді тоздыруы мүмкін. Сондықтан әрбір ісіңізге мұқият болыңыз. Асықпаңыз. Əр нəрсе өз уақытымен келеді.
Сарышаян
Сіз жұмбақ сұрақтар мен шытырман ойлардың шырмауында жүрсіз. Жалған ақпараттар мен жарнамалар сіздің көзқарастарыңызды бүркемелеп алған. Қарым-қатынасыңыздың көкжиегі кеңейіп, жаңа кездесулер шырғалаңнан құтқарады. Кездеген ұсақ-түйек проблемаларға бас қатырмай-ақ қойыңыз.
Таразы
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар. Жұмысқа бар күш-жігеріңізді салып, берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз. Жаңа бастамалар мен ұсыныстарға басқа көзқараспен қарап тың ойларыңызды ортаға салудан тайсалмаңыз.
Бикеш
Бүгін қонаққа барасыз немесе үйіңізге көп қонақ келеді. Қалай болса да, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Ал кешке сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сіздің ғаламторға көп уақыт бөлетіңізге ренжуі мүмкін.
Шаян
Осы күн тың ойлар мен жақсы жоспарларға толы болмақ. Бастаған ісіңізге жақындарыңыз күмәнмен қарайды, бірақ аяғында демеу көрсетеді.Бұл күн өмірі әдеткі қалыптан өзгере қоймайды. Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады.Арман қиялға берілмеңіз! Жұмыс жағдайын оңға бұрыңыз!
Арыстан
Қай істе болмасын сабырлық таныта біліңіз. Сабыр түбі – сары алтын екенін естен шығармауға тырысыңыз. Айналаңызда болып жатқан жайттарға мұқият болып, бәрін де асығыс шешімнен бұрын, ой елегінен өткізу керектігін ұмытпаңыз.
Егіздер
Бәрі де сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Сондықтан да орын алған жағдайға икемделе біліңіз. Мәселенің мән-жайына бармай, айналаңыздағылардың көңілін қалдырып алмаңыз. Әр істі ақылмен істеуге дағдыланғаныңыз абзал. Көптің ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз.
Торпақ
Жасаған әр ісіңізге барынша қырағы болыңыз. Кез келген абайсыздық үлкен қателікке жолықтыруы ғажап емес. Міндеттелген тапсырманы уақытылы өткізіңіз, жаман қылығыңызбен көпшіліктің көзіне түсіп қалмауға тырысыңыз.
Тоқты
Басқара білу қабілетінің арқасында махаббатта жолы болады. Жалғыз жүрген тоқтылар үнемі серігін іздеуде асқан белсенділік танытады.Әртүрлі саладағы адамдармен оңай тіл табысады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылып, көп таныстар табады.
Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан