МАУСЫМНЫҢ БАСЫНДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Синоптиктер Қазақстанда 31 мамыр - 2 маусым күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, жаз жаңбырдан басталады. "Қазақстанда жиі жаңбырлы және найзағайлы салқын ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы тропосферада орныққан солтүстік-батыс ауа ағындарымен, солтүстік теңіздердің жағалаулық аудандарынан келген суық және ылғалды ауасымен байланысты. Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты екпінді жел соғады. Ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа төмен және оған жуық болады, ал орталық және шығыс облыстарында түнде кей жерлерде үсік күтіледі деп болжанады", - деді синоптиктер.