БАЛАЛАРҒА АРНАП АУЫЗАШАР БЕРДІ
Қасиетті Рамазан айында Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының ораза ұстаған балапандары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде берілген ауызашар дастарқанының сыйлы қонақтары болды.
Ақын Төреәлі Төлепов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, мешіт жамағаты қатысқан ауызашарда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек қажы Ұласқанұлы «Сауабы мол айдың шарапаты» тақырыбында уағыз айтты.
Ауызашарға қатысқан балақайлар, әрдайым демеушілік жасап жүретін, мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі