Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨКТЕГІ ПЕРІШТЕЛЕР ШАТТАНҒАН КҮН

КӨКТЕГІ ПЕРІШТЕЛЕР ШАТТАНҒАН КҮН

  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген сөз бар. Шындығында да сәби қуанышы – бәрінен қымбат. Елімізде жылда 1-маусым балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтеді. Ол ерекше мейірім мен нұрға толған, жылылық сыйлайды.
1949 жылдың қараша айында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында бұл мерекені атап өту едеясы қабылданған. БҰҰ аталмыш бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыты деп таныды. Сол шешімнен кейін атаулы күн 1950 жылдан бері тұрақты түрде  тойланды.
Аталмыш мереке олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру мақсатында назарға алынған. Қазіргі таңда әлемде ересектер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа ұшырайтын балалар бар. Сондай-ақ, әлемдегі аштық, соғыс өрті жеткіншектердің ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізері анық. Сол себептен де балаларды қорғау күні – мереке ғана емес, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.
–  Әрбір ата-ана үшін  бала – бауыр еті, жанының бөлшегі, өмірінің жалғасы. Оларға бір күн емес, бүкіл ғұмырымызды арнаймыз. Дегенмен,  атаулы күні де балаларға көбірек көңіл бөлеміз. Ащы болса да ақиқаты – қоғамда безбүйрек, тасжүрек ата-аналар көбейіп кетті. Олардың ерсі әрекеттерін ғаламтор арқылы да көріп жүрміз.  Бала еңбегінің қаналуы­, қысым, зорлық-зомбылық көрсету – оның өміріне қауіп әкеледі. Сондықтан мұндай келеңсіздікті бүкіл адамзат реттеуге, жеңуге тиіс, – дейді екі баланың анасы Эльвира Әбуова.
Жүректерге жылылық сыйлап, шаттыққа бөлейтін сәбилер аман болсын. Қуанса, сәби қуансын дейміз. «Адамның бір қызығы бала деген» – деп данышпан Абай айтпақшы, өмірдің мәні де сәні періште пейілді перзенттеріміз болып қала бермек.
                                                                                                                    Айтолқын АЙТЖАНОВА.
04 маусым 2018 ж. 1 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам