Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕР 6,5 МЫҢҒА АРТТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН КӨЛІКТЕР 6,5 МЫҢҒА АРТТЫ

   Қызылорда облысында газбен жүретін көліктер саны жылдан-жылға артып келеді. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, осыдан тоғыз жылдай бұрын Қызылорда облысында тіркелген 89 901 көліктен шыққан ластағыш заттар көлемі 82,090 мың тоннаны құраған екен. Ал 2017 жылы тіркелген көліктер біршама артып, олардың саны 143 750-ді құрағанымен ластағыш заттар көлемі төмендеген. Дәлірек айтқанда, ол 61,16 мың тоннаға азайған. «Бұл қоршаған ортаға қауіпсіз отын түрі болып табылатын газ отынына ауысқан автокөліктердің санының артуына байланысты болып отыр. Осы ретте газбен жүретін автокөліктер саны 2015 жылы - 2 725 болса, 2017 жылы - 9 309 дананы құрады. Яғни ол 6 584 данаға көбейді», - деді М.Құрманбаев. Экологиялық жағдайды жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында облыс бойынша 1 645 қоғамдық көліктің 663 данасы газ отынына көшірілген. Сонымен қатар, облыс бойынша бүгінгі күнде газ құю бекетінің саны 63-ке жетті.  

06 маусым 2018 ж. 1 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам