АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ИЛЬИН МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАЙДЫ
Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин спортқа қайта оралу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы спортшы алдағы дүйсенбіде, 11 маусымда мәлімдейді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі осы жағдайдың маңайында жүрген мәлімет көзіне сілтеме жасап.
Ильиннің қатысуымен ашық баспасөз мәслихаты Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 12:20-ға белгіленген. Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допинге байланысты айырылып, екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша алдағы күндері шеттету мерзімі аяқталып, спортшы Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының сапында қатыса алады.