АСТАНАДА 16 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН САТЫЛЫП ЖАТҚАН ҚАРБЫЗДЫҢ БАҒАСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ШОШЫТТЫ
Астанада 16 мың теңгеден сатылып жатқан қарбыздар елдің ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Желіде Астанадағы сауда орталықтарының біріндегі сатылымға шығарылған қарбыздың фотосы пайда болды. Онда салмағы үш келіден асатын қарбыз құны 16 792 теңге деп көрсетілген. Удай қымбат өнім желідегілердің ашуын тудырды.
"17 мыңға қарбыз алсақ, бір ай аш отырамыз ба?", "Аштан өліп бара жатсам да, алмас едім", "10 теңге болғанша жемей-ақ қойдым осыны. Масқара".
"Ашыққаннан құныққан жаман деуші еді", "Бағаны да ойланып қоймайды ма екен", "Адамдардың қалтасын қақса болды бұларға" деп жарыса жазды желі қолданушылары.