Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕРІК УӘЛИ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БЕРІК УӘЛИ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып Құрманғали Берік Уәлиұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №98-Ж/Қ өкімімен Құрманғали Берік Уәлиұлы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды», - делінген өңір әкімдігінің ресми сайтында. Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

21 маусым 2018 ж. 2 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам