ҚАЗАҚСТАНДА 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕДІ
1 шілдеден бастап зейнетақы төлеу жүйесі өзгермек. Яғни, базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы қорына ақша аударуына байланысты болады. 1 аптадан кейін енгізілетін жүйені бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің өзі түсіндіріп берді деп хабарлайды 31 арнағасілтеме жасаған NUR.KZ.
Енді еңбек өтілі 10 жылдан аз адамдардың базалық зейнетақысы 15 мың теңге шамасында болады. Ал, еңбек өтілі 33 жылдан артық азаматтардың базалық зейнетақы мөлшері 28 мыңнан аспақ.Осындай қайта есептеуден кейін бюджеттен қосымша 128 миллиард сұралыпты. Жалпы биыл базалық зейнетақыға 530 миллиард көзделген. Айта кетерлігі, жұмыс істемесе де еңбек өтілі есептелетін азаматтар бар екен.
"Зейнеткер әйел адам болса, бала туып, баланы 3 жасқа дейін тәрбиелеп отырған кезеңдері де кіріп отыр. Және бала 16 жасқа дейін мүгедек болса, сол 16 жасқа дейін мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ананың да еңбек өтіліне қосылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.