Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ ЖАРИЯЛАҒАН КАРИКАТУРА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ ЖАРИЯЛАҒАН КАРИКАТУРА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

   Елордада «Егемен Қазақстан» газеті жариялаған карикатура байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана айшықтары» тақырыбымен карикатура конкурсын өткізген едік. Шынын айту керек, біз бұған көп ойландық. Себебі, карикатураға байланысты  елімізде ірі конкурстар 20 жылдан аса уақыт бойы өтпеген екен. Ең  соңғы рет 1994 жылы өтіпті. «Нұр Отан» партиясы өткізетін жемқорлыққа байланысты  және басқа да шағын конкурстар бар. Бізде карикатураның жақсы мектебі бар. Сол мектептің өкілдері халықаралық үлкен конкурстардан жүлде алып жүр. Сондықтан біз осы игі дәстүрді қайта  жаңғыртсақ деп ойладық», - деді жеңімпаздарды марапаттауға арналған шарада «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Газет басшысының айтуынша, карикатураны сын деп қабылдайтындар да бар. Солардың тарапынан Астананың 20 жылдық мерекесі қарсаңында сынағанымыз қалай болар екен деушілер де табылған.
«Бірақ, біз оған батыл бардық. Себебі карикатура тек қана бір жақты сын емес. Ол үлкен өнер, астарлы сөз, тапқыр шешім, ұтымды ой, сарапта мен сынның тоғысы. Кейде карикатураның үлкен мақаланың, кітаптың жүгін арқалап тұратын тұстары болады. Үлкен өркениетті елдерде қазір баспасөз карикатурасыз шықпайды. Бұл - баспасөздің үлкен бір бөлшегі, ірі саласы. Сондықта бұл саланы да жандандырғымыз келеді», - деді Дархан Қыдырәлі.
Оның дерегінше, конкурсқа еліміздің түпкір-түпкірінен 20-дан астам үміткерден 30-дан аса жұмыс келіп түскен. Ал комиссия шешімімен бірінші орын алматылық Ғалым Смағұлұлына берілген. Өскемендік Берік Қайнарұлы - екінші, ал ақтөбелік Қайрат Балтабайұлы үшінші орын алды. Сонымен қатар тараздық Альмира Омарова ынталандыру сыйлығы берілді.
30 маусым 2018 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам