Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЛҒАШҚЫ АСТАНАДАН АЙРЫҚША ТАРТУ

АЛҒАШҚЫ АСТАНАДАН АЙРЫҚША ТАРТУ

    Кеше Астанада  Қызылорда облысының елордаға тартуы – зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясының таныстырылымы өтті. Жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қазақстан Президенті экспозиция аумағында Қызылорда облысыныңжұртшылық өкілдерімен әңгімелесті.Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.
– Менің тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп, жасанды жер серігін құрастыратын зауытты іске қостық. Жуырда өзіміздің жер серіктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар, 2022 жылға қарай «Зенит» зымыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан музейге дәл өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасығыштары орнатылды, жақын арада «Буран» орбитааралық кемесінің макеті қойылады, экспозиция маңындағы аймақ абаттандырылды. Сондай-ақ, кешен аумағында зымырандардың техникалық сипаттамасы, жасалуы және пайдалану тарихы туралы барлық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылды.
Ашық аспан астындағы музейдегі танымал макеттер жөнінде айта кетсек, "Союз" – "Королевтің жетілігі" деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны.
Ал, «Протон» – автоматты ғарыш аппараттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымыран-тасығыш. «Протон» зымыран-тасығышы барлық кеңестік және ресейлік орбиталық станция мен «Мир» станциясының модульдері және халықаралық ғарыш станцияларын шығару құралы болып табылады. Оның көмегімен «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады.  
«Зенит»  – негізгі орта санатты, екі сатылы зымыран-тасығыш. Алғашқы ұшырылымы 1985 жылдың 13 сәуірінде жүзеге асырылды. «Зенит» толығымен автоматтандырылған және ұшырылым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Бұл зымыранды тіпті 80-90 жылдары «21 ғасырдың ракетасы» деп атайтын.
«Зенит» ұшырылым кешенінің негізінде «Бәйтерек» ресей-қазақстандық бірлескен жоба жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда.
«Боран» – «Энергия-Буран» бағдарламасының аясында жасап шығарылған көп мәртелік орбитальді ғарыш кемесі. «Энергия-Боран» халықаралық ғарыш станциясын жасау Кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағдарлама болатын. 18 жыл ішінде ғарыш станциясын 86 министрлік пен ведомство жанындағы 1286 кәсіпорынның миллионнан астам қызметкері  әзірледі, мемлекеттің ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтары осы жұмысқа тартылған. «Боран» космопланын қондыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшырылу-қону жолағы бар «Юбилейный» аэродромы арнайы салынды.
Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі музей мен планетарийдің құрылысын салуды жоспарлап отыр.
03 шілде 2018 ж. 1 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам