Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "ҚОРҚЫТ.ҚОБЫЗ" ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

"ҚОРҚЫТ.ҚОБЫЗ" ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
"Қорқыт. Қобыз" тілге тиек ететін жоба. 56 мәдениет үйі мен 115 клуб жанынан арнайы қобыз үйірмелері ашылады. Басты мақсат - Сыр бойында қобыз аспабында ойнай алмайтын қобызшы болмауы тиіс. Осы ұстаным негізінде жұмыстар үйлестіріледі" - деді.
Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" жобасы бойынша өңірімізде ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылуда. Соның бірі "Өлкетану" пилоттық жобасымен біздің облыс арнайы оқулық дайындап, ол өзге аймақтарға үлгі ретінде көрсетілуде.
- Мұндай бастама Қызылордадан басқа бірде-бір өңірде жоқ. Алдағы уақытта, осы бағытты өрістетеміз.
Сондай-ақ, "Рухани жаңғырудың" үлкен тармағы ол - "Туған жер" бағдарламасы. Мақсаты - сыртта жүрген жерлес азаматтарды, кәсіпкерлерді тартып, елге жақсылық жасауға үндеу", - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы.
Атап өтуіміз керек, осы уақытқа дейін "Рухани жаңғыру" бойынша 82 жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы». Осыған орай, Елбасының да Жарлығы бекітілді. Енді латын графикасына кезең-кезеңімен көшу қамтамасыз етілмек.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде: "Латын әліпбиін 1 аптада үйренуге болады. Дегенмен, көрші республикалардың қателіктерін қайталамауымыз керек. Сондықтан, 7 жыл ішінде тыңғылықты жұмыс жасауға уақыт беріліп отыр", - деді.


31 қазан 2017 ж. 1 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам