Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАРЫШҚА ҰШУ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ

ҒАРЫШҚА ҰШУ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛМАҚ

   Ресейлік компания туристерді 200 мың доллармен ғарышқа ұшырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ведомости басылымына сілтеме жасап. 
 «Космокурс» сейсенбі күні өткен «Иннопром» форумында автоматика ҮЕҰ-мен азаматтық мақсаттағы коммерциялық тасымалдаушы зымырандар үшін борттық телеөлшеуіш басқару жүйесін жасау жөнінде келісім жасасты, деп мәлімдеді «Роскосмостың» баспасөз қызметі.  «Космокурсқа» арналған басқару жүйесін бес жыл ішінде жасау жоспарланған, бұл компания суборбиталды траектория бойынша туристерді ғарышқа жіберетін кешен салмақшы, делінген хабарламада.  
«Космокурс» сайтында жазылғандай, компания тұйықталмаған траектория бойынша Гагарин орбитасы (180-220 км) биіктігіне дейін экскурсия ұйымдастыруды қолға алмақ. Ол үшін компания көп реттік тасымалдау зымыранын және жеті орынды (алты турист және нұсқаушы) ғарыш кемесін жасайды. Ұшу уақыты 15-20 минутқа созылады және әр турист үшін 200-250 мың доллардан айналады. «Космокурс» алғашқы ұшуды 2025 жылы іске асырмақ.
12 шілде 2018 ж. 1 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам