Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚЫЗЫЛОРДАДАН 13 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚЫЗЫЛОРДАДАН 13 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

   Қазіргі таңда қызылордалық спортшылар 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Аталмыш спорт ойындарына облыстан 13 спортшы 6 спорт түрінен  бақтарын сынайды.
Атап айтсақ, байдарка және каноэде есуден Мерей Миербеков,  каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада,  Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан  Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова,  Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина қатысады.
Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.
Азия ойындары 1951  жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.  Қазақстаннан 419 спортшы спорттың  38 түрінен  жарыс жолына шығады.  
13 шілде 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 067 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам