Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

АВТОКӨЛІКТІ ОНЛАЙН ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

   Енді көлік иелері автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шаралары жүргізілуде. Автокөліктерді тіркеу қызметіне деген сұраныс қарқынды түрде өсіп келеді. Сондықтан, бұл қызмет электрондық нұсқаға ауыстырылған.
Мұндай жаңашылдық азаматтардың уақытын үнемдейді. Сондай-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттық режимде іске қосты.
– Бұған дейін көлікті сатушы мен сатып алушы өтінім беру үшін бір уақытта «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне барып, қажетті құжаттарды тапсыруы тиіс еді. Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн тәртіпте жолдай алады. Электрондық үкімет порталы арқылы біз алдағы уақытта тағы да біраз мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетпекпіз, – дейді мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы Гүлдана Рахметова.
Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салық төлемдерін, техникалық жағдайын тексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейін автокөлікті сатып алушы азамат электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы сатушы қалдырған өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін нөмір белгісіне, көлік құралын тіркеуге және тіркеу туралы куәлікке төлем жасай алады. Сатып алушы өзінің ЭЦҚ-мен смарт-келісімді растаған соң мамандандырылған ХҚКО-ға нөмір белгісін алып кету үшін ғана келеді. Сондай-ақ, нөмірді үйге жеткізу қызметіне де тапсырыс беруге болады.
Айта кетерлігі, биылғы мамыр айынан бастап ҚР ІІМ автокөлікті тіркеу кезіндегі салыстыруды алып тастады. Енді есептен шығару немесе көлікті тіркеу кезінде нөмірлік агрегатты тексертудің қажеті жоқ. Мұндай талап тек көлікті алғашқы рет тіркегенде қойылады.
Биболат Сағындықұлы
17 шілде 2018 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам