ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ БОЙЫНША ҮЙДЕ ТҰРУҒА БОЛМАЙТЫН ЗАТТАРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
Тоқты
Қызба мінезді, энергияға толы және оптимист жандар. Олар өзгелерді өмірге деген құштарлығымен таң қалдыра алады. Үй ішінің безендірілуі де сізге сай болуы керек. Бөлмеңізге кішкентай болса да көне зат әкеліп қойыңыз. Мәселен, заманауи затты ескі бұйыммен келістіріңіз.
Торпақ
Өте шыдамды, нәзік және батыл адамдар. Оларға кенеттен болған өзгерістер ұнай бермейді, жеке заттарына өте мұқият. Үй ішіңде жылдар бойы жиналған коллекцияларға толы болады. Олардың талғамының керемет екендігі соншалық аз уақыттың ішінде қарапайым пәтерді ыстық ұяға айналдырып жібереді.
Егіздер
Тынымсыз, ақылды әрі ашық мінезді жандар. Бұл жандар бірінші орында еркіндікті бағалайды. Олар эклектиканы ұнатады, сүйікті түстері – сары және көк. Сонымен қатар жоспарсыз аяқ астынан алынған бұйымдар сіздің үйіңізде соңына дейін орын таба алмауы мүмкін. Сондықтан да кез келген бұйымды сатып алар алдында оны қайда қоятыныңызды білмесеңіз, сәтсіз саудаға жол бересіз.
Шаян
«Жүрек қайда болса – үй сонда», - деген сөзді шаяндар ойлап тапқан. Олар үшін үйдегі ең басты орын – ас бөлмесі. Ас үйді барынша таза әрі ұқыпты ұстаңыз, сонда отбасы тату әрі берекелі болады. Сонымен қатар үйде міндетті түрде күміс заттар болғаны дұрыс.
Арыстан
Арыстандар ерекше, ашық-жарқын адамдар. Олардың қалыптасқан мінезі үй ішінде де көрініп тұрады. Түрлі түстер мен барынша қанық заттарды сәйкестендіру - олар үшін түк емес. Дегенмен қабырғаны тым түрлі түске бояудан сақ болыңыз. Оның орнына ақ, ашық сары, сұр түстерге бояғаныңыз дұрыс.
Бикеш
Бұл жұлдыз иесі өте еңбекқор, бірбеткей және перфекционизмге жақын адамдар. Олардың үйінде барлығы бір мезетте әдемі әрі ыңғайлы болуы керек. Алайда түсініксіз, пайдасы жоқ заттарды аулақ ұстаңыз. Бикештердің ұстанымы сұлулық – қарапайымдылықта.
Таразы
Өте іскер, сәнқой және әртіс жандар. Олар өнерді, сұлулықты жоғары бағалайды. Ал үйлесімділікке аса қатты мән береді. Үйде саяхат кезінде жиналған сувенирлер мен әр түрлі тастар көп болады.
Сарышаян
Қырсық, бірбеткей, бірақ қызық адамдар. Оларға қабырға түсі қатты әсер ететін болғандықтан, жайлы түстерді таңдаған жөн. Ең бастысы үйдегі жарық пен люстраларға көп көңіл бөліңіз. Бірнеше бөліктен тұратын майшамдар мен қабырғада ілініп тұратын люстралар олардың жанына жақын.
Мерген
Мергендер жомарт әрі өркөкірер адамдар. Барлық уақытта алдарына қойған мақсат болады және еркіндікті бағалай біледі. Үй ішінде де солай. Олар бөлмеде зат емес ауаның көп болғанын ұнатады. Сондықтан пайдасы жоқ, толып жатқан сувенирлерден бойын аулақ ұстайды.
Тауешкі
Тұйық және шыншыл, алдына мақсат қойғыш, арманшыл адамдар. Олар табиғи бұйымдарға құмар. Мәселен ағаштан, теріден, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар. Сонымен қатар олар қолөнер бұйымдарын да жақсы көреді.
Суқұйғыш
Суқұйғыш – қияли, арманшыл жандар. Барлығын өдері қалғандай жасайды және бұл туралы өзге адамдардың ойы мүлде қызықтырмайды. Үйдегі таза ауа мен жарыққа көп мән береді.
Балықтар
Шығармашылыққа жақын әрі романтик жандар. Олар үшін үй – адамдардан жеке қалуға болатын мүмкіндік. Балықтар үшін алыстан келген тарихи заттар. Дегенмен түзу сызықтар мен бұрыштардан аулақ болыңыз.
Дереккөзі: kaz.nur.kz