Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРУШЫСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРУШЫСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Қанат Шөкенов 1981 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалған шенеунік Тұран-Астана университетiн қаржы бакалаврының академиялық дәрежесiмен тәмамдады. Сондай-ақ, ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде магистратура бойынша оқып шықты.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясының маманы болып бастады. 2008 және 2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы ресми iс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ал, 2013 жылдың маусым айынан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы болды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарына тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімінің аппаратында басшы болып қызмет атқарды.
12 тамыз 2018 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам