Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

ТІРЕК АУЫЛДАР – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен тірек елді мекендерді кешенді дамыту туралы кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынды ашқан аймақ басшысы ауылдағы ағайынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі екендігін атап өтті.
Жалпы, мемлекеттік аймақтық даму саясатының басымдығы тірек ауылдарын дамыту арқылы әлеуеті төмен елді мекен тұрғындарын тұрақты жұмысқа тартып, осылайша әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу екендігі белгілі. Бүгінде облыс бойынша 16 тірек елді мекен бар. Оларды кешенді дамыту бағытында 9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның 4,4 млрд.теңгесі республикалық, 4,3 млрд.теңгесі облыстық және қалған бөлігі жергілікті бюджеттен қарастырылған.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбаеваның айтуынша тірек ауылдарды дамытудағы негізгі бағыт ретінде ондағы халық саны, инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Аталған бағытта алда екі міндет қойылған. Бірі – іргелі жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру болса, екіншісі – соның нәтижесінде мектеп, аурухана, балабақша салу және газдандыру, жылу, ауызсумен қамтамасыз ету секілді қордаланған мәселелерді шешу.
Аймақ басшысы бұл ретте тірек ауылдардың даму жоспарын нақтылап, шағын кәсіпкерлікті дамыту жолдарын қарастыруды тапсырды. Тірек елді мекендер негізінен тоғыз жолдың торабына орналасқан. Мысалы, Сексеуіл кенті арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы мен «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбыры, «Сексеуіл-Жезқазған» темір жолы өтеді. Бүгінде кент тораптық станцияға айналды. Бұған қоса, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Арал-Сарбұлақ» су құбыры осы маңнан өтеді. Облыс әкімі осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігіне тоқталды.
Сондай-ақ, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылы, Қармақшы ауданындағы Төретам кенті, Жалағаш ауданындағы Мәдениет, Сырдария ауданындағы Бесарық, Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылдарының даму жоспарлары тиянақталып, аудан әкімдері жүйелі жұмыстарды ретімен таныстырды.
Мұнан бөлек, мәжілісте шағын және орта кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан шаралар туралы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Бақытжан Намаев хабарлама жасады. Ол тірек ауылдарда шағын бизнесті дамыту мүмкіндіктері көптігіне тоқталып, бұл бағытта ІІІ Интернационал ауылының алдыңғы орында екенін атап өтті. Бұл ауылда өткен жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік көрсеткіші үш есеге артқан.
Мәжіліс барыснда аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілі Қожахмет Ілиясов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов хабарлама жасады.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі тірек ауылдарының мәселесін шешуді басты назарда ұстау қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, аудандық, облыстық, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы мен жеке инвесторлардың қаражатын шоғырландырып, оны тиімді жұмсаудың маңызы зор.


Биболат Сәтжан
23 шілде 2018 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам