Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ – 787,7 МЫҢ АДАМ

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ – 787,7 МЫҢ АДАМ

Сыр өңірінің демографиялық үдерісінде оң өзгеріс байқалады. Мәселен, соңғы 10 жылда халық саны 110 мың адамға көбейіп, үстіміздегі жылдың 1 маусымында 787,7 мың адамды құрап отыр.
– Ағымдағы жылдың 5 айында облысымызда туу көрсеткіші өсті. Осы уақытаралығында 7 мың дүниеге келген нәресте және 1,7 мың өлім тіркелген. Бұл уақыт аралығында 68 жұп егіз дүниеге келген. Еңбекке қабілетті жастағылардың саны 446,1 мың адамды құрап отыр. Есепті мерзімде 2118 адам некеге тұрса, олардың 760-ы отбасын сақтай алмай ажырасып кеткен. Облыс бойынша соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 67,5 жастан 72,5 жасқа дейін өскен. Ал, өңірде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 4,4 есе азаюы қуантарлық жайт, – деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.
 Сыр өңірінің даму көрсеткіштері артты. Оның ішінде облыс экономикасының негізін құрайтын өнеркәсіп өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 100,5 пайызды құраған. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 15,9 пайызға ұлғайса, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 87 049 млн. теңгені құрады. Осы уақыт аралығында 228 050 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген
Сонымен қатар, департамент басшысы 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық халық санағын өткізуге байланысты бірқатар өзгерістерге тоқталып өтті.
– Ұлттық халық санағын өткізу уақыты – 2019 жылдың қазан айы болып белгіленді. Негізгі жаңашылдық – компьютерлендіру. Яғни, біз арнайы интернет-портал ашып, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы мәліметті интернет арқылы жолдай алады. Сонымен бірге, санақ жүргізетін мамандар планшетпен жүріп, ақпаратты бірден мәліметтер базасына жолдап отырады. Біріншіден, бұл санақты жедел жүргізуге, екіншіден, қателікке жол бермеуге мүмкіндік береді. Егер халықтың біршама бөлігі интернет арқылы тіркелсе, санақшыларға түсетін жүк айтарлықтай жеңілдейді, – деді ол.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
23 шілде 2018 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам